Женевада әлемдегі ең ірі көгілдір гауһар тас бәссаудаға шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Christie's бәссауда үйі Женевада әлемдегі ең ірі көгілдір түсті гауһар тасты саудаға шығарды.
None
None

Олар мұнан 21 млн. доллар табуды көздеп отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Аукцион үйінің деректеріне қарағанда, 14 мамырдағы асыл тастар бәссаудасында 13,22 каратты құрайтын гауһар Женева көлінің жағасында өтетін дәстүрлі көктемгі саудада негізгі лот болмақ.

Еске сала кетсек, өткен жылы қарашада осы аукцион үйі салмағы 14,82 карат қызғылт сары түсті гауһар тасты 35,5 млн. долларға сатқан болатын.

Соңғы жаңалықтар