Женевада аукционда ресей императоры Николай ІІ-нің хаттары сатылды

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Ресейдің соңғы  императоры Николай ІІ-нің өзінің ағасы - ұлы князь Николай Николаевичке жолдаған төрт хаты 119 мың франкқа (127 мың доллар) сатылды, деп хабарлады РБК.
None
None

Бұл сатылымдағы лот Женеваның Аукцион үйі ұйымдастырған «орыс саудасының» бір бөлігі болды.

Хаттардың бәрі бір сатып алушының қолына тиді, оның өкілі залда отырды. Ол хаттардың жаңа иесінің аты-жөнін атаған жоқ, дегенмен оның жеке коллекционер екендігін атап өтті.

«Орыс саудасы» кезінде барлығы 1 млн. 300 мың доллардың 200 лоты өткізілді. Олардың арасында ресейлік император отбасының бұрын жарияланбаған фотосуреттері және монарх қыздарының жеке заттары болды.

Соңғы жаңалықтар