09:32, 19 Мамыр 2009 | GMT +5
Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 62-ші Ассамблеясы ашылды
ЖЕНЕВА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат – Тұмаумен күрес жұмыстарын екі жақты жүргізуге тура келеді, яғни маусымдық эпидемиямен және жаңа A/H1N1/ вирусымен күресу керек.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Маргарет Чэн ханым Женевада Ұйымның 62-ші Ассамблеясының ашылу рәсімінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Жаңа вируспен күресу мәселесі Ассамблеяның негізгі тақырыбы болып отыр. «Біз жаңа вирус пандемиясының қаупін лайықты бағалауымыз керек, бірақ та әлем елдерінің халықтарын қарапайым маусымдық тұмауға қарсы вакцинамен де жеткілікті қамтамасыз етуді ұмытпағанымыз жөн», - деп атап көрсетті Маргарет Чэн ханым. Ассамблеяның ашылу рәсімінің алдында журналистерге сұхбат берген Ұйым басшысының орынбасары Кейджи Фукуданың айтуынша, бүгінгі күнгі жағдай бойынша, әлемнің 40 елінде жаңа тұмауды жұқтырудың 8 мың 829 оқиғасы тіркеліп отыр.