15:00, 10 Қараша 2013 | GMT +5
Женевада Иран бойынша келіссөздер нәтижесіз болды
АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Женевада Иранның ядролық мәселесін реттеу бойынша келіссөздер ешқандай келісімсіз аяқталды. Бұл туралы Францияның Сыртқы істер министрі Лоран Фабиус хабарлады, деп жазады ВВС.

Сенбіде «алтылық» құрамындағы халықаралық делдалдардың және Иран өкілдерінің қатысуымен өткен кездесу түнге дейін созылғанымен, алайда бұдан бұрын айтылған «ілгерілеуге» қол жеткізілген жоқ. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың айтуынша, ирандық ядролық бағдарлама бойынша келесі кездесудің датасы кейін хабарланады. Женевадағы келіссөздер үш күн бойы өтіп, соңғы кезеңде оларға АҚШ, Франция, Ұлыбритания және Ресей сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қосылды. Бастапқыда байқаушылар ортақ келісімге келудің белгілері бар екенін айтқанымен, кейіннен АҚШ мемлекеттік департаментінің басшысы Джон Керри «алтылық» пен Иран арасында елеулі келіспеушілік бар екенін мойындады. Атап айтқанда, талқылаулар барысында Иран уранды байытуды ішінара тоқтатқан жағдайда, Батыс тарапы экономикалық санкцияларды бәсеңдететінін алға тартуда.