Женевада Кеден одағының Еуропалық еркін сауда қауымдастығымен келіссөздер жүріп жатыр
НСК. 30 тамыз. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Бұл күндері Женевада Кеден одағы мүше-мемлекеттері мен Еуропалық еркін сауда қауымдастығы арасында еркін сауда келісімін жасасу үшін келіссөздердің үшінші раунды өтіп жатыр.
Бұл туралы Беларус Республикасы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кеден одағы елдері мен Еуропалық еркін сауда қауымдастығы тауарлар мен қызметтер саудасын реттеу мәселелерімен қатар зияткерлік меншік, инвестициялар, тауарлардың шыққан жері мен кедендік рәсімдер, сауданы оңайлату, саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, сауда және қоршаған ортаның өзара байланысты сияқты бірқатар ауқымды мәселелерді талқылайтын болады.
Кеден одағы мен Еуропалық еркін сауда қауымдастығы арасындағы еркін сауда туралы келісім тауарларды жылжыту және капитал, технологиялар тарту, қатысушы елдердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту, сондай-ақ тараптардың іскерлік ортасы арасында ынтымақтастықты тереңдету үшін қолайлы жағдай жасайды.