Женевада ҚР Тұңғыш Президентінің күнін атап өтуге арналған салтанатты қабылдау өтті

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымы бөлімшесі және басқа халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күнін атап өтуге арналған салтанатты қабылдау өтті.
None
None

Мерекелі іс-шараға дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Швейцария Конфедерациясында тұратын қазақстандық азаматтар белсене қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қатысушы қауымды айтулы оқиғамен құттықтай отырып, ҚР Елшісі Мұхтар Тілеуберді еліміз биылғы жылы Қазақстан халқының Ұлт көшбасшысы айналасында бірігетін қуатты құралы болуға бағытталған жаңа мемлекеттік мерекені алғашқы рет тойлап отырғанын жеткізді.

Өз кезегінде, салтанатты шараның қонақтары да тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасының айрықша тарихи орнын атап өтті. Қабылдауға қатысушылар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің саяси егемендігін нығайту, нарықтық  қатынастарды қалыптастыру, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық серіктестерімізбен өзара тиімді және тең құқылы байланыстар орнатудағы теңдесі жоқ қызметін мойындайтын пікірлерін айтып жатты.

 

Соңғы жаңалықтар