Женевада жасанды интеллектке қатысты Қытай-АҚШ диалогының бірінші раунды өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Женевада жасанды интеллект (ЖИ) бойынша қытай-американдық үкіметаралық диалогтың бірінші отырысы өтті.
Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, екі тарап ЖИ технологияларымен байланысты тәуекелдер, жаһандық басқару және оларды қызықтыратын басқа да мәселелер бойынша терең, кәсіби және сындарлы пікір алмасты.
Тараптар ЖИ технологиялары мен оны басқару саласындағы бастамаларымен байланысты тәуекелдер, сондай-ақ ЖИ көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамуға жәрдемдесу бойынша қабылданған шаралар туралы пікір білдірді.
Қытай тарапы ЖИ технологиясы – қазіргі уақытта ең көп назар аударып отырған жаңа технология екенін және оның әрқашан адамға бағдарлану және ақыл-ойды игілікке пайдалану тұжырымдамаларын ұстанатынын, осылайша ЖИ технологиясы пайдалы, қауіпсіз және әділетті екенін атап өтті.
Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымының басты арна рөлін атқаруы үшін ЖИ-ды жаһандық басқарудың нығайтылуын қолдайды және ЖИ-ды басқарудың жаһандық жүйесі мен стандарттары мен нормаларын құру үшін халықаралық қауымдастықпен, соның ішінде Америка Құрама Штаттарымен байланыс пен үйлестіруді күшейтуге дайын.
Екі тарап ЖИ технологияларының дамуы мүмкіндіктер де, тәуекелдер де тудыратынын мойындады.