Женевадағы Сирия қақтығыстарын реттеу жөніндегі келіссөздер уақытша тоқтатылды
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Төртінші күн қатарынан жүріп жатқан Біріккен Ұлттан Ұйымы өкілдерінің қатысуымен Сирия билігі және оппозициясы арасындағы тікелей келіссөздер қандай да бір маңызды нәтижелерге әкелген жоқ.
Сейсенбі күні таңертең БҰҰ өкілетті елшісі Лахдар Брахими келіссөздерді уақытша тоқтататынын, алайда таяу арада екі жақтың басын қайта қосуға үмітті екенін хабарлады.
Сирия оппозициясының атынан келіссөз жүргізу командасының мүшесі Римма Флейхан Л.Брахимидің келіссөздерді ағымдағы әркет етуші режимнің гуманитарлық аспектілерге, өтпелі үкіметтің қалыптасуына байланысты кез келген мәселелер бойынша ымыраға келуден бас тартуы себепті тоқтатуға мәжбүр болғанын айтады.
Сонымен бірге БҰҰ өкілдері Хомс провинциясында қоршауда қалған бейбіт халыққа гуманитарлық көмек көрсету мәселесін алға тарта алмады. Араб басылымының мәліметтері бойынша, БҰҰ-ның гуманитарлық жүк тиелген көліктері осы кезге дейін оған мұқтаж сириялықтарға азық-түлік өнімдері пен дәрі-дәрмектерді жеткізу үшін қажетті белгінің берілуін күтіп отыр.