Женевадағы сирияаралық келіссөздердің алтыншы раундының датасы аталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистура 16 мамыр күні Женевада Сирия үкіметімен және сириялық оппозицияның қатысуымен келіссөздерді жандандырады, деп хабарлады Лента.ру.
Сирияаралық келіссөздердің алтыншы раундында де Мистура Женева-4 нәтижесі бойынша келісілген күн тәртібі бойынша делегациялармен жұмысты күшейтуді көздейтіні атап өтіледі.
Онымен қоса де Мистура 4 мамырда Астанада қол жеткізілген Сириядағы деэскалация туралы уағдаластық толықтай орындалатынына үмітті.
Сирияаралық келіссөздердің бесінші раунды Женевада 23-31 наурыз күндері өтті және саяси реттеу процесінде айтарлықтай ілгерілеу алып келмеді.
Сирияда қауіпсіздік аймақтарын құру туралы меморандум 4 мамырда Астанада қаласында кепілгер елдер Ресей, Түркия және Иран арасында жасалды. Идлиб провинциясында, Латакия, Алеппо және Хама аумақтарында; Хомс провинциясының солтүстігінде; Шығыс Гуте; Сирия оңтүстігіндегі - Дераа және Кунейтра провинцияларында төрт аймақ құру болжануда. Бұл өңірлерде қару қолдануға тыйым салынған. Бұдан басқа, ол жерлерге гуманитарлық көмек жеткізілетін болады.