Жеңгетай заң құрығынан құтылмады

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Семей қаласы Ішкі істер басқармасының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің 28 шілде күні өткізген жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Академик Павлов көшесі бойында орналасқан хауыздардың бірінде жеңгетай құрықталды,

Жеңгетай заң құрығынан құтылмады

деп хабарлады Семей қалалық ІІБ баспасөз кызметі.

Бұрын сотталмаған, жасы 39-дағы қала тұрғыны, С. есімді азаматша 5000 теңге ақша алу кезінде ұсталды. Ол хауызға келушілерге жыныстық қызмет көрсету үшін жас қыздарды ұсынған.

Қазіргі уақытта бұл азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстык кодексінің 271-бабымен жеңгетайлықпен айналысу бойынша қылмыстық іс қозғалуда.

Семей қаласы ІІБ-да 2011 жыл басынан бері жеңгетайлықтың 8 фактісі тіркеліп, 7 тұлға жеңгетайлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.