12:30, 17 Наурыз 2017 | GMT +5
Жеңіл атлет жүйрік атты басып озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғимаратта 60 метр жүгіруден Еуропа рекордшысы британдық желаяқ Дуэйн Чемберс 100 метр қашықтықта шауып келе жатқан жүрік атты басып озды.
38 жастағы жеңіл атлет жүз метрлік қашықтықты небәрі 10,36 секундта еңсерді.
«Жүгірген кезде атты байқамадым. Сосын барып оның тұяғының дүбірі мен демін естідім. Мәреге жеткеннен кейін өзімді жеңіл сезіндім. Жылдамдығы шапшаң жылқыдан озу мен үшін нағыз марапат», - деді Чемберс.