Жеңіл атлетика федерациясы қаңтардың үздік спортшысын анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясы қаңтар айындағы үздік спортшыны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат оlympic.kz сілтеме жасап.
None
None

Қаңтар айының қорытындысы бойынша, желаяқ Михаил Литвин үздік деп танылды. Ол Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін өткен V халықаралық турнирде 400 метрге жүгіруден чемпион атанған болатын.

Литвиннің көрсеткен 46.26 нәтижесі Қазақстанның жабық ғимараттағы жаңа рекорды болып тіркелді.

Сондай-ақ, спортшы жабық ғимаратта өткен 28-ші Қазақстан чемпионатында алтыннан алға тақты. Ол 800 метрге жүгіруден жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар