19:46, 27 Тамыз 2015 | GMT +5
Жеңіл атлетика: Усейн Болт - Әлемнің 10 дүркін чемпионы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионатында ямайкалық желаяқ Усейн Болт 200 метрлік жарыста жеңімпаз атанды. Сөйтіп, ол әлемнің 10 дүркін чемпионы атынды.

Ол рекордтық көрсеткіш көрсеткен жоқ, дегенмен айқын жеңіске жетуге 19,55 секундтық нәтиже жетіп жатыр. Оның басты бәсекелесі америкалық Джастин Гэтлинг жеңімпаздан 0,19 секундқа қалып, күміс жүлдені еншіледі.Жарыстың бүгінгі бағдарламасы осы ерлер арасында 200 метрлік жарыспен аяқталды. Ертең ерлер мен әйелдер арасында 100 метрге кедергілер арқылы жүгіру жарыстары өтеді. Әрине онда мүлдем басқа сортшылардың, яғни, кедергілер арқылы жүгіру спортына әбден машықтанған саңлақтардың мерейі үстем болмақ. Айта кетейік, біз бұған дейін даңқты желаяқтың 10-шы мәрте әлем чемпионы атануы мүмкін екендігін хабарлаған болатынбыз.