Жеңіл атлетикадан елорда чемпионаты жаңа «QAZAQSTAN» кешенінде өтеді

НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпан айының 12 мен 13 аралығында жаңа салынған «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика кешенінде «Nur-Sultan Open 2021» ашық қала чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жеңіл атлетикадан елорда чемпионаты жаңа «QAZAQSTAN» кешенінде өтеді

Бұл жарыс жаңа кешен қабырғасындағы алғашқы спорттық іс-шара болмақ. Чемпионатқа еліміздің әр аймағынан 100-ден астам спортшы қатысады.

Іс-шара санитарлық нормалар толығымен сақтала отырып өтеді.

Еске сала кетейік, жаңа кешен өткен жылдың қараша айында ашылған, барлық халықаралық талаптарға сай және World Atletics сертификатына ие болып саналады.