Жеңіл атлетші сынған қолына қарамай жүгіріп, бірінші орын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 100 метрге жүгіруден әлем рекордшысы америкалық Кендра Харрисон Дохада өтіп жатқан «Бриллиант лигасының» кезеңінде сынған қолына қарамай жүгіріп, бірінші орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

24 жастағы спортшы 12,59 секунд көрсеткішімен мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабарлайды Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты (IAAF).

Харрисон жарыс аяқталғаннан кейін жарақатты старт кезінде алғанын түсіндіріп берді. Харрисон фиништен кейін ауруханаға жеткізіліп, қолына гипс салынды. Спортшының өкілі хабарлағандай, оның толықтай сауығуына алты апта уақыт керек. 

Соңғы жаңалықтар
telegram