Жеңіл атлеттеріміз әлем біріншілігінде бақ сынайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -   Қазақстандық жеңіл атлеттер Лондонда 4-13 тамыз аралығында өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығы федерациясы бұл күндері атлеттердің  әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың қандай нормативтерді орындауы керек екенін де жария етті.

Лондонға жолдама алу үшін, спортшылардың 2016 жылдың 1-ші қазаны мен 2017 жылдың 1-ші маусымы аралығында көрсеткен көрсеткіші басты назарға алынбақ екен. Яғни, 5 айдағы көрсеткіші нормативте белгіленген шарттарға сәйкес келсе, Британия астанасында өтетін біріншілікке жолдама алады.

Ал, белгіленген уақытқа дейін немесе сол уақыттан кейін жасалған жетістіктер ескерусіз қалмақ.  Осының арқасында, еліміздің 5 атлеті нормативті мерзімінен бұрын аяқтап, лицензияға қол жеткізді. Тағы 4 спортшы спорттық жүрістен, 1 спортшы марафоннан нормативте белгіленген тапсырманы орындап қойған. Енді алдағы күндері бұ спортшылардың қатары артуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар