Жеңіл көліктер «Астана-Бурабай» автобанымен тегін қатынауы мүмкін

СТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жеңіл көліктер «Астана-Бурабай» автобанымен тегін қатынауы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов BNews.kz порталында «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» жобасының жүзеге асырылу барысы» тақырыбында өткен он-лайн конференция барысында мәлім етті.
None
None

«Біздің бағамдауымызша, «Астана-Бурабай» жолы жеңіл автокөліктер үшін 1 шақырымына 5 теңге, ал жүк көліктеріне 10 теңге көлемінде ақылы болуы мүмкін. Бұл бірінші нұсқасы. Сонымен қатар басқа нұсқаға сәйкес жеңіл көліктер үшін тегін болуы қарастырылған және жүк көліктері мен автобустарға баға сәл жоғары болуы ықтимал. Өйткені олар коммерциялық рейстерді орындайды», дейді министр.

Дегенмен осы екі нұсқаның да ҚР Көлік және коммуникация министрлі тарапынан қаралып жатқандығын атап өткен Ә.Құсайынов ағымдағы жылы автожолды басқару және бақылау электрондық интеллектуалдық жүйесін орындау бойынша конкурстық процедуралар, ал келер жылы арнайы құрылғыларды орнату шаралары өтетінін айтты.

Аталған жолды жыл бойы күтіп ұстау Көлік және коммуникация министрлігінің мойнында екендігін мәлім еткен министр үнемі бюджеттен қаржы алу мүмкін еместігін, бұл орайда осы жолдың ақылы болғандығы дұрыс деген пікірін алға тартты. Автобанды жыл бойы күтіп ұстау үшін бюджеттен 1 млрд. теңге жұмсалады.

Министрдің атап өтуінше, бұл жол қауіпсіз, жайлы, сонымен қатар онда ойықтардың, шұңқырлардың болмауынан көліктің бұзылуына жол берілмейді. Сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүруге мүмкіндік бар әрі бұл бензинді үнемдеуге септігін тигізеді.

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде ақылы жолдардың бар екендігін айтқан Ә.Құсайынов «біз ақылы жолдарды пайдаланатын 20 елге сараптама жасадық. Қазақстан ұсынып отырған ставка олармен салыстырғанда өте төмен», деді.

Соңғы жаңалықтар