Жеңіл моторлы ұшақ жүк көлігіне соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та жеңіл моторлы ұшақ жүк көлігіне соқтығысты.

Жеңіл моторлы ұшақ жүк көлігіне соқтығысты

Бұл оқиға Невада штатында ұшақты шоссеге қондыруға әрекет еткен кезде орын алды, деп хабарлайды РИА Новости .

Двигательдегі ақауды байқаған ұшқыш машинаны қондырмаққа тырысқан. Салдарынан жүк көлігіне ұрынды.

Абырой болғанда, Рино қаласының солтүстігіндегі Pyramid шоссе сінде болған оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Тек сынған әйнектер ұшқыш пен ұшақ жолаушысы аздап жаралап кетті.

Келеңсіз жағдай болған учаскедегі қозғалыс уақытша тоқтатылды.