Жеңіл салмақтағы британдық боксшы әзілдеп, Головкинді жеңуге уәде берді

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Boxingscene.com журналисі Эллиот Фостер  қайырымдылық бастама үшін жеңіл салмақтағы британдық боксшы    Дерри Мэтьюспен  (38-12-2, 20 КО) бір-екі раунд жұдырықтасуға келісті, деп хабарлады Sports.kz.

Жеңіл салмақтағы британдық боксшы әзілдеп, Головкинді жеңуге уәде берді

«Көргенше асығып отырмын! Бұл журналисті жеңгенің жақсы, өйткені GGG  сен үшін тым қауіпті!» - деп   бұл жаңалыққа пікірін білдірді   Мэтьюстің әріптесі Том Фаррелл (11-0, 3 КО).

«Ха-ха-ха! Головкинді ұрып-жығамын! Ал  Фостермен айқасқа  кәсіби жарыс деп қараймын!» - деп жауап берді твиттерінде оған  Мэтьюс.

Еске салсақ, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО)  маусымда британдық WBO чемпионы  Билли Джо Сондерспен  (24-0, 12 КО) кездесуі тиіс болған, алайда бұл айқас болмайтын сыңайлы. GGG қыркүйекте өтетін мексикалық Сауль Альвареске (48-1-1, 34 КО) қарсы жарысқа әзірленбек.