Жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен ең көп сатылған 5 көлік белгілі болды

Бұл ретте Қазақстан азаматтары отандық көліктерді сатып алуда басымдық берген модельдер мыналар: Hyundai Elantra, Skoda Rapid, KIA Sportage, Lada 4x4 және Hyundai Tuscon ix35. Оның ішінде 1326 дана Hyundai Elantra, 834 Skoda Rapid, 656 KIA Sportage, 451 Lada 4x4 және 378 Hyundai Tuscon ix35 көлігі сатылған.
«Бүгінде бағдарлама қаржысы 113 пайызға игерілді. Бұл бөлінген барлық 26 млрд. теңге игерілгенін және бұған қоса тағы 13 пайыз тұтынушы өздеріне дейінгі несие алушылардың займдарын өтеуін күтіп кезекте тұрғанын білдіреді», - деді Алферов журналистердің сауалына орай.
Еске сала кетейік, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бағасы 5,6 миллион теңгеге дейінгі қазақстандық автомобильдерге арналған. Жеңілдетілген автонесие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 4 пайызға тең, тиімді жылдық мөлшерлеме - 7,5 пайыз. Халық банкінің еңбекақы жобасына қатысушы клиенттеріне алдын ала төлем жасау міндеттелмейді. Ал қалған жағдайларда алдын ала төлем көліктің жалпы құнының 10-20 пайызына тең. Несие бес жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қосымша комиссия алынбайды. Қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар пакеті - минималды.