Жеңілдетілген автонесиеге берілетін автобустарды ең алдымен қай өңірлер алады
«Ай сайын револьверлік негізде шамамен 1 млрд теңге қайтарылады, тиісінше жылына 12 млрд теңге. 12 млрд-қа 1200 көлік немесе 1500 автобус сатып алуға болады. Жеңілдетілген несиелеу арқылы қоғамдық көлікке деген қажеттілікті қанағаттандыруға басымдық береміз. Мен мұны дұрыс шешім деп санаймын. Автобус сатып алуда револьвер механизмі жұмыс істейді. Жалпы бізде 10 545 автобус бар», - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап беріп.
Министрдің дерегінше, еліміздегі қоғамдық көліктің 46% тозған.
«Жыл сайын автобус паркіндегі автобустарды шамамен 1500-ден 2000 дейін жаңарту қажет. Автобустар өңірлерден келіп түскен өтінім бойынша таратылады. Алғашқы автобустарды Қызылорда облысы, Астана және Алматы қаласы алады. Шамамен екі ай шамасында автобустар беріле бастайды», - дейді ол.