Жеңілдетілген кредит: Кәсіпорындар көлікті 2 айда жеткізуі тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат – Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасына «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мен «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС қатысады. Жеңілдетілген несие алатын адамның өтінімі мақұлданса, бұл компаниялар 60 күн ішінде автокөлікті жеткізуі тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Атап айтқанда, бағдарлама арқылы көлік алуға өтінім беретін адамдар алдымен автомобиль құрастыру кәсіпорнын таңдауы керек. Өтінім тапсырылғаннан кейін таңдау жасалған кәсіпорынды өзгертуге болмайды.

«Осы бағдарламаның ережесі бойынша көлік шығаратын кәсіпорындар автомобильді 60 күннің ішінде жеткізуі керек. Көлік алатын адам автосалонға келіп, өзіне керек модельді, комплектациясын, түсін таңдайды. Егер бұл автокөлік дәл сол қалада болса, құжаттарды банк мақұлдағаннан кейін, автомобильді бірден алып кетеді», - деді Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығының мемлекеттік реттеу жөніндегі директоры Қайрат Еламанов

Оның айтуынша, екі ай ішінде жеткізілетін көлікті брондау мүмкіндігі болады.

«Кейбір комплектациялар бойынша көліктерді жеткізу мерзімі екі айдан асып кетуі ықтимал. Осы орайда клиент балама нұсқасын таңдай алады», - деді қауымдастық өкілі.

Сонымен қатар ол былтыр аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында өткізілген автокөліктердің орташа құны 7,8 млн теңге шамасында болғанын айтты. Бұл тұрғыда адамдарды аса қымбат көліктер қызықтырмайтыны байқалды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы 6 ақпанда сағат 10-да «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы) көлік алуға жеңілдікпен пайызы төмен несие беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау үшін жаңа платформаны іске қосады. Өтінімдерді қабылдау www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі. Осы орайда бұл платформа келесі аптада іске қосылған кезде 761 адам тіркеле алады.

Айта кетейік, адамдарың өтінімдері үш себеп бойынша қабылданбауы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар