Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасы: Бүгін тағы 10 млрд теңге бөлінді
Аталған бағдарламаға жоспар бойынша 100 млрд теңге қарастырылған. Алғашқы 90 млрд теңге осыдан үш ай бұрын бөлінді.
Қор дерегінше, 4 пайызбен берілетін автонесие бағдарламасына қатысушы «Еуразиялық банкке» - 35 млрд, «Банк Центр Кредитке» - 27,5 млрд, «Халық банкке» - 22,5 млрд және «Forte Bank»-ке 15 млрд теңге бөлінген.
«Бүгін қалған 10 млрд теңге бөлінді», - делінген ұсынылған мәліметте.
«Өнеркәсіпті дамыту қорының» ақпаратына қарағанда, автокөлік сатып алуға өңірлерден түскен өтініштер саны келесідей:
Алматы қаласы – 7 031 өтініш;
Нұр-Сұлтан қаласы – 5 381 өтініш;
Шымкент қаласы – 4 664 өтініш;
Қостанай облысы – 2 465 өтініш;
Қарағанды облысы – 2 109 өтініш;
Шығыс Қазақстан облысы – 1 732 өтініш;
Павлодар облысы – 1 442 өтініш;
Ақтөбе облысы – 1 144 өтініш;
Жамбыл облысы – 1 112 өтініш;
Қызылорда облысы – 815 өтініш;
Маңғыстау облысы – 720 өтініш;
Атырау облысы – 616 өтініш;
Батыс Қазақстан облысы – 594 өтініш;
Ақмола облысы – 571 өтініш;
Солтүстік Қазақстан облысы – 524 өтініш;
Алматы облысы – 470 өтініш;
Түркістан облысы – 148 өтініш.
Бүгінге дейін жеңілдетілген шарттармен несиелеу бағдарламасы бойынша 10 015 қазақстандық көлік алған. Ал жалпы 4 пайызбен теміртұлпар алуға ниетті 31 538 қазақстандықтан өтініш түскен.