Жеңілдіктер ескерілген азаматтар Астананың маңындағы аймақтарда автобустарда тегін жүре алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңілдіктер ескерілген азаматтардың санаты үшін Астананың қала маңы аймақтарында автобустарда тегін жүру құқығына ие болды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.
Аталған жаңашылдықтарға «ASTRA PLAT» жол ақысын төлеудің электронды жүйесінің бірінші дайындық кезеңінің енгізілуі арқасында қол жеткізілді.
«Ағымдағы жылдың 30 шілдесінен бастап қала маңы бағдарларында тарифтік 4 аймақ жүйесі енгізілді. Бұл «ASTRA PLAT» электронды жүйесін енгізу дайындық кезеңінің бастапқы сатысы болып табылады. Осы ретте қала маңындағы автобус бағдарларымен жүретін жолаушылар үшін жол ақысы орташа есеппен алғанда 50 теңгеге дейін төмендейді»,-деді «Астана-LRT» ЖШС-ның жолаушылар көлігі маманы Ә. Тамабаев.
Белгілі болғандай, бөлінген 4 тарифтік аймақтың әрқайсысының қашықтығы 15 шақырым. Бүгінде қала маңындағы тасымал 24 елді мекенді қамтып отыр және оларға 14 бағдар қызмет етеді.
Оның айтуынша, әрбір елді мекеннің өзінің тарифі болатын, сондай-ақ бұл тарифтердің саны 84-ке жеткен еді. Ал қазіргі кезде олардың барлығы ықшамдалып, тарифтер 5-ке дейін қысқарды. Қала маңындағы бағдарларға күніне 39 автобус шығады. Әрбір автобустар мен олар тоқтайтын аялдамаларда тиісті түсіндіру мәліметтері ілінген.
«ASTRA PLAT» электронды жүйесінің екінші, үшінші және төртінші кезеңдері енгізілетін болады. Екінші кезең қалалық «эксперсс бағдарларына» таралатын болады», - деді Ә. Тамабаев.
Астана қаласы мәслихатының шешімімен жеңілдігі бар санаттар бойынша ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы аналар қамтылған. Дәл осы санаттар бойынша жеңілдіктер қала маңындағы тұрғындарға да тарайды.