Жеңілдікті студенттік несие алу туралы өтінімдер көбіне Астана мен Алматы қалаларынан түсіп жатыр

АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жеңілдікті студенттік несие алу туралы өтінімдер көбіне Астана мен Алматы қалаларынан түсіп жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Фархад Қуанғанов мәлім етті,

Жеңілдікті студенттік несие алу туралы өтінімдер көбіне Астана мен Алматы қалаларынан түсіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, жеңілдікті студенттік несие алуға 1 мың 500-ден астам өтініш түскен. Сонымен қатар, қазіргі уақытта несие алуға ниетті студенттер тарапынан өтінімдер әлі де түсуде. Бұдан бұрын хабарланғандай, ұзақ мерзімді жеңілдікті несие техникалық және медициналық мамандықтардағы барлық курстардың студенттеріне тағайындалады. Атап айтқанда, жеңілдікті несие алуға үміткер студенттер оқу үлгерімі жақсы, әлеуметтік жағдайы яғни, мүгедек студенттер, көп балалы отбасылардың, жетім, ата-аналары мүгедек немесе зейнеткер болып табылатын отбасылардың қатарынан іріктелінеді. Бұл мақсатқа мемлекет тарапынан 15 млрд. теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр. Несиенің пайыздық үстемесі жылына 9 пайызды құрайды және ол 20 жылға беріледі. Несиені студент оқуды аяқтағаннан кейін төлей бастайды.