Жеңіліп көрмеген ауыр салмақ чемпионы Головкинді әлемдегі үздік боксшы атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық боксшы Лукас Браунға (24-0, 21 КО) Твиттердегі оқырмандарының бірі өз дивизионындағы (ауыр салмақ) спортшыларды есепке алмағанда, қазіргі уақыттағы әлемнің ең мықты боксшысын таңдауды ұсынды. 

Жеңіліп көрмеген ауыр салмақ чемпионы Головкинді әлемдегі үздік боксшы атады

Өз кезегінде Браун орта салмақтағы қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) үздік боксшы деп санайтынын атап өтті, деп жазады Sports.kz.

Еске сала кетсек, 19 наурыз күні Нью-Йоркте Головкин төрешілердің бірауыздан шешімімен америкалық Дэниэл Джейкобсты (32-2, 29 КО) жеңіп,  18-ші рет өз атақтарын (WBA Super, IBO, WBC және IBF) сәтті қорғап қалды.