Жеңіліп көрмеген «Қазақ жауынгері» WBC титулы үшін кездесу өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жеңіліп көрмеген жеңіл салмақтағы «Қазақ жауынгері» лақап атымен белгілі Елшат Нығметолланың (17-0-1, 5 КО) кіммен, қашан және қайда айқасаты белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.
None

BoxRec.com порталының жазуынша, Нығметолла рингке 16 желтоқсанда Қазақстан астанасындағы «Барыс Аренада» шығады. 28 жастағы қазақстандық спортшы филиппиндік боксшы «Ягуар» лақап атымен танымал Ельц Розиамен (17-9-1, 9 КО) жұдырықтасады. Он раундтық жекпе-жекте жеңіл салмақтағы WBC International Silver белбеуі бәске тігіледі.

Биыл Нығметолла екі жылдан астам уақыттан кейін рингке оралды — ол жекпе-жекті 12 наурызда Дубайда (БАӘ) бокс кешінде өткізіп, филиппиндік Джастин Дарапты (10-2, 6 КО) төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді.

Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар