17:37, 17 Наурыз 2020 | GMT +5
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы әлемді таңғалдыруға тағы уәде берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев (10-0, 6 КО) алдағы жоспары туралы жанкүйерлерінің есіне салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мен жақында бұл әлемді таңғалдыратынымды білемін, 2020», - деп жазды ол Instagram-ға бапкерімен жаттығу барысынан видео жариялап.
Айта кетейік, бұл Мұсаның осы үлгідегі алғашқы жазбасы емес – ол бұрынғы жекпе-жектерінің бірінен кейін мынадай мәлімдеме жасаған еді: «Мен таяуда әлем чемпионы боламын. Қазақ жауынгері бүкіл әлемді таңғалдыратын болады».
Тұрсынғалиев 13 наурыз күні Майамиде рингке шығуы тиіс еді. Оған қарсылас ретінде аргентиналық Эсекьель Тевес (13-5, 4 КО) белгіленді. Алайда, бокс кеші коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді.