Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы бір жылдық үзілістен кейін қайтадан рингке шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жартылай орта салмақтағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Шыңғысхан Тәжібайдың (8-0, 2 КО) кәсіпқой рингке қашан шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы бір жылдық үзілістен кейін қайтадан рингке шығады

BoxRec.com мәліметінше, Шыңғысханның келесі жекпе-жегі 14 қыркүйек күні АҚШ, Вирджиния штатының Стерлинг қаласындағы Dulles Sportsplex аренасында өтеді. Оның қарсыласы кім екені әлі белгісіз.

Айта кетейік, Шыңғысхан Тәжібай 2018 жылдың күзінен бері рингке шыққан жоқ. Ол соңғы рет 2018 жылдың 27 қазанында Американың Мэриленд штатындағы Форт Вашингтон қаласында жергілікті боксшы Хуан Родригесті (8-15-1, 6 КО) жеңген болатын.