Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы өз мансабындағы ең үлкен айқасын өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 тамызда суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) кәсіпқой рингте кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы өз мансабындағы ең үлкен айқасын өткізеді

Германияның Гамбург қаласындағы Universum Gym залында Жан WBA International титулын қорғау мақсатында американдық боксшы Джоуи Давейкоға (21-8-4, 12 КО) қарсы жұдырықтасады.

Жекпе-жек 12 раундқа есептелген. Беделді BoxRec.com сайты Кособцкийдің алдағы айқасын үш жұлдызға бағалаған – бұл оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіш. Ал бұған дейін ол көп болғанда екіжұлдызды кездесулер өткізетін.

BoxRec.com-дағы жекпе-жектер рейтингі бокс кешінің статусына, оппозиция деңгейіне, сондай-ақ ойнатылатын титулдар беделіне негізделеді.