22:19, 11 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы WBC титулына таласады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз бокс мектебінің жеңіліп көрмеген түлегі Нұрсұлтан Жаңабаев (5-0, 4 КО) 23 желтоқсан күні Мәскеудегі «Крылья Советов» спорт кешенінде өтетін кәсіпқой бокс кешінде бірінші орта салмақ санатындағы WBC Asia өңірлік титулы үшін рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшының айтуынша, ол Бүкіләлемдік бокс кеңесінің титулын филиппиндік аса тәжірибелі боксшы Арнель Тинампэймен (25-22-1, 11 КО) сарапқа салады. Айта кетейік, бір кездері Тинампэй Виталий Демьяненкомен де рингке шығып, төрешілердің шешімімен жеңілген болатын.
Еске салайық, осының алдында Ресейдің Владимир қаласында өткен жекпе-жегінде Нұрсұлтан Жаңабаев танзаниялық 25 жастағы Кулва Бушириді техникалық нокаутпен жеңген.