Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшының жекпе-жек датасы аталды⠀

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Профи-рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы, WBC Asia, WBO Global және WBA International белдіктерінің иегері Айдос Ербосынұлы (11-0, 8КО) келесі жекпе-жегін тамыз айында өткізеді. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксшы» парақшасында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшының жекпе-жек датасы аталды⠀

«Боксшының өкілдерінің ақпаратына сәйкес, Айдостың келесі айқасы 14 тамызға жоспарланып отыр. Өтетін орны әзірге белгісіз. Бірақ бұл Канада, Аустрия немесе Ресей астанасы Мәскеу болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Еске салайық, А.Ербосынұлы биылғы 24 наурызда Алматыда өткен соңғы жекпе-жегі барысында төрешілердің бірауызды шешімімен намибиялық спортшы Лукас Ндафолумуды (15-1, 6КО) жеңіп, WBA International титулын иеленді.