Жеңіліп көрмеген орта салмақтағы боксшыны Головкиннің бапкері жаттықтырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пуэрторикалық боксшы Феликс Вердехо (23-0, 15 КО) WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчеспен бірге жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Sports.kz .

 Жеңіліп көрмеген орта салмақтағы боксшыны Головкиннің бапкері жаттықтырады

Санчес оның промоутері Вердехо Боб Арум және жаттықтырушысы Рикки Маркеспен келіссөздер жүргізіп, бірігіп жұмыс істеу туралы келісімге келді.

«Бірге жұмыс істеу арқылы көптеген биіктерді бағындыра аламыз. Енді жұмыс жоспарын келісуіміз керек. Таяу уақытта барлығын егжей-тегжей анықтап аламыз, содан соң жұмыс істеуді бастаймыз. Феликс - дарынды жігіт. Әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізетінімізге кәміл сенемін», - деп келтіреді Санчестің сөзін Primera Hora.

Вердехоның келесі айқастағы қарсыластарының бірі - WBO титулының иегері британдық Терри Флэнаган (33-0, 13 КО) болады деп күтілуде.