Жеңілмеген қазақ боксшысы Айдос Ербосынұлы келесі қарсыласынан жауап күтіп жүр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы келесі жекпе-жегі жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Абсолютті әлем чемпионы әйгілі Канеломен бір айдан аса уақыт спарринг жұмыстарын өткізіп, спаррингтер лагері өз мәресіне жетті. Мен үшін өте жақсы тәжірибе болды. Біраз өтімді тәсілдер үйреніп, керемет шыңдалдық. Келесі жекпе жегім, Алла бұйырса WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы кубалық Дэвид Моррелге қарсы өту керек. Өйткені мен осы версия бойынша әлем чемпионы белбеуіне міндетті үміткермін. Үлкен жекпе-жек болған соң бәрі оңай шешіле салмайды. Біраз уақыт болды қарсыласымыздан жауап күтіп жүрміз. Әзірге тыныш боп тұр, бірақ міндетті түрде жауап берері хақ. Ол дайын болса, біз дайын» деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Дегенмен Boxrec.com сайтының жазуынша, кубалық боксшы 4 маусымда суперорта салмақтағы WBA әлем чемпионы титулы үшін америкалық Келвин Хендерсонмен айқасқа шығады.

Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы елордадағы «Көшпенділер шайқасы-2» бокс бәсекесінде қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.

Оның қанжығасында суперорта салмақтағы WBC ABC, WBA International және WBO Global белбеулері бар.


Соңғы жаңалықтар