Жеңіс Қасымбек Астанадағы су тапшылығы мәселесін қалай шешетінін айтты
«Қаланың өсу қарқыны айтарлықтай жоғары. Әсіресе, кейінгі 2-3 жылда қатты үлкейіп кетті. Тұрғындар саны құрылыс маусымы күш алған кезде 1,5 млн адамға дейін жетеді. Қалада ресми түрде 1,3 млн адам тұрақты тіркеуге алынған. Жыл сайынғы өсім – 70-80 мың адам», - деді ол.
Айтуынша, елорданың құрылыс қарқынына инженерлік инфрақұрылым ілесе алмай жатыр.
«Қазір үшінші су сорып-сүзетін станса салынып жатыр. Тамыз айында құрылысы толық бітуі керек. Бірінші кезеңі мамырдың аяғында, маусымның басында аяқталады. Соның арқасында сағатына қосымша 100 мың текше метр сумен қамтамасыз етеміз. Қазіргі тапшылық сағатына 30 мың текше метрдей. Сонда біз жаңа стансаның көмегімен алдағы бірнеше жылдың сұранысын жаба аламыз. Мұнымен қатар, жыл аяғына дейін төртінші осындай стансаның құрылысын бастап кетуды жоспалап отырмыз», - деді әкім.