Жеңіс Қасымбек: Елімізде жер қойнауының 20 пайызы ғана толық барланған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменге инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен келді. Ол қаладағы бірнеше зауыттың жұмысымен танысып, өндіріс ұжымдарына Президент жолдауын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өскемен жылу электр орталығының ұжымымен кездесу кезінде министрге Шығыс Қазақстанның табиғи байлық қорын барлауға қатысты сауал қойылды.

«Біз геологиялық барлау жұмыстарын ынталандыруға мүдделіміз. Қазақстанға келген инвестицияның 3\2-сі жер қойнауын игеруге бағытталғаны жасырын емес. Қазіргі геологиялық деректің бәрі кеңес заманындағы барлау нәтижелерінде жасалған. Ал беделді сарапшылар Қазақстанда жер қойнауының 20 пайызы ғана толық барланған деген пікір айтып отыр. 80 пайыз қойнауда не бар екенін толық білмейміз. Сол үшін Ұлттық геологиялық нысандардың ұлттық базасын жаңартпақпыз» - деді министр.

Оның айтуынша, геологиялық деректердің ұлттық базасы толық цифрландырылмақ. Одан кейін бұл деректер Халықаралық геологиялық нысандар базасына енгізіледі.

-Халықаралық жүйеге көшкен деректер әлемдік биржа ақпараттарына шығып тұратын болады. Бұл біздегі әлеуеті зор кен орындары барлық инвесторлардың көз алдында тұрады деген сөз. Жалпы Шығыс Қазақстанның кен қоры әлі ондаған жылдарға жетеді, - деді ол.

Соңғы жаңалықтар