Жеңіс Қасымбек инвестициялық омбудсмен болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінің қаулысымен инвестициялық омбудсмен болып тағайындалды. Бұл туралы республикалық БАҚ хабарлады.

Жеңіс Қасымбек инвестициялық омбудсмен болып тағайындалды

«Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №1071 қаулысына «Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек инвестициялық омбудсмен болып тағайындалсын» деген өзгеріс енгізілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін инвестициялық ом­будсмен Әсет Исе­ке­шев болып келген.