Жеңіс Қасымбек қалалық жеңіл атлетика федерациясын басқарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы жеңіл атлетика федерациясының кезекті сайланбалы конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметовтің Instagram парақшасындағы мәліметтерге қарағанда, жиында Конференция мүшелерінің шешімімен Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы федерация президенті болып сайланды.
«Жиын барысында қалымыздағы жеңіл атлетиканы дамыту, сондай-ақ жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, спортшылардың деңгейін көтеру сияқты маңызды міндеттер талқыланды»,-делінген хабарламада.
Басқосуға Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Президенті Даниал Ахметов және қалалық жеңіл атлетика федерациясының мүшелері қатысқаны айтылады.