Жеңіс күні Мәскеуде бұлттарды ыдыратуға 40 млн. рубль жұмсалмақ

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Мәскеуде Жеңіс күні бұлттарды ыдырату үшін 40 миллион рубль қажет.
None
None

Бұл туралы Мәскеу мэрінің ТКШ және абаттандыру мәселелері бойынша орынбасары Петр Бирюков мәлімдеді. Оның айтуынша, авиацияның көмегімен 9 мамыр күні таңғы 6-дан түн ортасына дейін Мәскеу аспаны ашық болады. Бұлттар 3 меже бойынша ыдыратылмақ: Мәскеуден 200, 100 және 50 шақырым аумақтарда.

Өткен жылы 9 мамыр, 12 маусым және Қала күні бұлттарды қуу үшін 192 млн. рубль бөлінсе, 2011 жылы жаратылған қаржы 150 млн. рубльді құраған.

Соңғы жаңалықтар