Жеңіс күнінде Астанада патриоттық конкурс ұйымдастырылады
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада 9 мамыр күні сағат 16.00-де жастар арасында көркем қойылымдылық фестиваль-конкурс ұйымдастырылады.
Бұл туралы Астана қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы хабарлап отыр.
Басқарманың мәліметінше, шараға соғыс ардагерлері, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Қорғаныс министрліктерінің өкілдері, елшіліктердің, Президент Әкімшілігінің қызметкерлері, Сенат пен Мәжіліс депутаттары қатысады. Сонымен қатар, аталмыш іс-шараға астанамыздың колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, әскери қызметкерлер де ат салысатын болады.
«Аталған конкрус - дәстүр мен эмоционалдық сезімнің дамуы арқылы жастарға берілетін патриоттық тәрбиенің ерекше мысалы. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - азаматтардың санасында патриоттық сезімнің, өз еліне деген мақтанышының, еліне деген патриоттық тәрбиенің дамуы жүйесіне бағытталған конституциялық міндеттерді қорғаудағы және азаматтық борышты орындауда тәрбиелік даярлық шараларын азаматтарға түсіндіру» делінген хабарламада.