Жеңіс күніне 100 күн қалғанда 100 бейнеролик көрерменге жол тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 қаңтардан бастап «Астана» телеарнасынан «Қазақстандық қаһармандар» тақырыбымен әзірленген 100 бейнеролик көрсетіле бастайды, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметінен.

Жеңіс күніне 100 күн қалғанда 100 бейнеролик көрерменге жол тартты

Бұл туралы бүгін Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу мәселесі бойынша өткен селекторлық кеңесте «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне 100 күн қалғанда көрерменге жол тартқан бейнероликтерді «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Астана» телеарнасы әзірледі.

Бұл жоба арқылы қазақстандықтарға, әсіресе, жас ұрпаққа тек баршаға кеңінен танымал батырлар ғана емес, есімдері елеусіз қалған қаһармандар да кеңінен таныстырылмақ.