Жеңіс мерекесі күні Алматыда 4 жерде 40 дүркін отшашу атылады

АЛМАТЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 9 Мамыр күні сағат 22:00-де Алматыда Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік отшашу атылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

Отшашу қаланың 4 жерінен: Көктөбе мен Сайран көлінде, «Астана» алаңында және жаңа салынып жатқан халықаралық шаңғы трамплині кешенінен беріледі. Отшашу ауқымы жөнінен Алматының тарихында тұңғыш рет ең ірісі болады. 40 дүркін атылатын отшашудың әрқайсысы 30 бөлікке бөлінеді. Түнгі аспанды 20 минут бойы нұрға бөлейтін отшашудың биіктігі 200 метрге дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар