«Жеңіс туы, желбіре» атты бірінші республикалық әскери-патриоттық форум өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Жеңіс туы, желбіре» атты бірінші республикалық әскери-патриоттық форум өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметкері Әсет Мұқажанов мәлім етті.

«Жеңіс туы, желбіре» атты бірінші республикалық әскери-патриоттық форум өтеді

2015 жылдың маңызды оқиғаларының бірі Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлау екендігін атап өткен ол: «Қазірден бастап осы атаулы датаға дайындық жүріп жатыр. 18 қарашада Астанада «Жеңіс туы, желбіре» атты бірінші республикалық әскери-патриоттық форум өтеді», - деді.