ЖЕҢІСКЕ ДЕЙІН 17 КҮН: Берлин үшін шайқастар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тура 70 жыл бұрын, 1945 жылдың 22 сәуірінде Ұлы Отан соғысының 1401-ші күні жүріп жатқан еді. Жеңіске дейін 17 күн қалған. «ҚазАқпарат» ХАА оқырмандардың назарына сол күнгі оқиғалар желісін ұсынады.

ЖЕҢІСКЕ ДЕЙІН 17 КҮН: Берлин үшін шайқастар

Берлинге шабуылдау қимылдары. 22 сәуірде 2-ші Беларусь майданының 65-ші армиясы жекелеген учаскелерде 2 шақырымға дейін, ал 70-ші армия - 3 шақырымға дейін алға жылжыды. Вест-Одердің батыс жағасындағы жорық 24 шақырымға және тереңдей ену 3-тен астам шақырымға жетті.

Поляк жауынгерлерінің 61-ші армиясы, 1-ші армиясы және 1-ші Беларусь майданының 7-ші гвардиялық атты әскерлер корпусы батысқа қарай 20-30 шақырымға дейін жүріп, Берлинді солтүстіктен шабуылдаған жасақтарға көмектесті. 47-ші армия мен 2-ші гвардиялық танк армиясы алдағы бөлімдермен Хафель өзеніне шығып, одан Хеннигсдорф ауданында өтті. 3-ші екпінді армия қалалық қорғаныс қоршауын бұзу үшін шабуылға шықты. 5-ші екпінді армия мен 8-ші гвардиялық армия ішкі қала бекінісін бұзды. 69-шы армия Фюрстенвальдеге иелік етті.

28-ші армияның екі атқыштар дивизияларымен күшейтілген 1-ші Украина майданының 3-ші гвардиялық танк армиясы Берлиннің оңтүстік шетіне басып кіріп, кешқұрым Тельтов су арнасына шықты.

4-ші гвардиялық танк армиясы Зармунд ауданына (Потсдамнан оңтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым жерде) өтіп, берлиндік топтың оңтүстік-батысқа шығатын жолын кесіп тастады. Потсдамға солтүстіктен кірген 47-ші армияның жасақтары 4-ші гвардиялық танк армиясының оң қапталдағы бөлімдерінен 30-35 шақырым жерге бекінді. 22 сәуір күні 3-ші гвардиялық армия қиян-кескі ұрыстардан кейін Котбус қаласын жаулап алды. 22 сәуір күні Эльбаға жылжыған 13-ші армия бір күнде 45 шақырым жол жүріп, Ютербог - Цана - Эссен шекарасына, ал 5-ші гвардиялық армия Кирххайн - Эльстерверд шекарасына шықты.

Дрезденге қарай жүрген біздің жасақтарымыз Любенау, Даме, Шлибен, Зонневальде, Финстервальде, Руланд, Ельстерверда, Швепнитц, Буркау, Бишофсверда қалаларын басып алды. Алдын ала мәліметтер бойынша 17-21 сәуір аралығында бұл бағытта шабуылдаған жауынгерлер 10 мыңнан астам неміс сарбаздары мен офицерлерін тұтқындап, қарсыластың 96 ұшағы және 150-ден астам танк пен өздігінен жүретін қаруларын жаулап алды.

Берлинге қарай жол тартқан жасақтарымыз Бизенталь, Кальберге, Клейншене6ек, Фридрихсхаген, Фюрстенвальде қалалары мен Берилн маңындағы жерлер Глиникке, Любарс, Бланкенфельде, Розенталб, Буххольц, Каров, Бланкенбург, Мальхов, Вейсензее, Хозншонхауезен, Марцан, Бисдорф, Мальсдорф, Шенэйхе, Фихтенау, Вильгельмсхагенді басып алды. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, 17-21 сәуір күндері аралығында бұл бағытта жүрген жауынгерлеріміз 13 мыңнан астам неміс сарбаздары мен офицерлерін тұтқындап, келесі олжаларға ие болды: 60 ұшақ, 100-ден астам танк пен өздігінен жүретін қару түрлері, 500-ден астам қару-жарақ.

Біздің Жеңісімізге дейін 17 күн қалды.

Стройка, строительство
Ұқсас жаңалықтар

Сапасыз құрылыс: Степногорскіде мердігерден 80 млн теңге өндірілмек