ЖЕҢІСКЕ ДЕЙІН 22 КҮН: 18 жастағы Манап Әубәкіровтің ерлігі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тура 70 жыл бұрын, 1945 жылғы 17 сәуір, Ұлы Отан соғысының 1396-шы күні. Жеңіске дейін 22 күн қалды. «ҚазАқпарат» ХАА оқырмандар назарына сол сұрапыл жылдардың оқиғалар жылнамасын ұсынады.
1945 жылы 17 сәуірде Кенигсбергтің батыс қалаларындағы Земландия түбегінде біздің әскер шабуылды жалғастырып жатты. Кескілескен айқас Пиллау портына жақын орналасқан немістің маңызды қорғаныс пункті - Фишхаузен қаласы үшін жүрді. Кеңес танкілері мен жаяу әскері солтүстіктен басып кіріп Фишхаузенның сыртқы қорғаныс бөлігінің бекінісін бұзып өтті. Қорғаныс бөлімі қаладан екі-бес шақырым аралықта болды. Жол бойына бірнеше окоп желілері, көптеген доттар мен дзоттар орнатылған. Біздің авияцияның жаудыртқан қуатты соққылары мен артиллериялық атыстың арқасында жау қорғанысы тас-талқан болды. Түнде кеңес танкілері мен жаяу әскер бөлімшелері Фишхаузен көшелеріне басып кірді. Біздің әскер екпінді соққылармен қарсыластың көптеген горнизонын жойып, Фишхаузен қаласын иеленді. Осылайша, немістердің еншісінде Земландия түбегінің оңтүстік-батыс бөлігі ғана қалды.
Австрияда 2-ші Украиндық майдан әскері Цистеродорф қаласының мұнайлы ауданының орталығын басып алды. Бұл аумақты қолдан бермеуге тырысқан немістер танктер мен жаяу әскерінің ауқымды күшін жұмылдырды. Беріспей қарсыласып бақты. Жауды ығыстырған біздің әскер біртіндеп қаланы үш жақтан қоршауға алды. Сөйтіп кеңес бөлімі екпінді тойтарыспен Цистерсдорф қаласын иеленді. Қала үшін айқаста қарсыластың екі мыңнан астам сарбаздары мен офицерлері оққа ұшты. Басқа 30-дан астам елді мекендер басып алынды, атап айтқанда: Пальтерндорф, Маустренк, Кеттлас-Брун, Паасдорф, Хеберсбрун, Вольфпассинг, Хаутцендорф және Доберманнсдорф, Гестинг, Паасдорф темір жол стансалары.
Осы күні 3-ші Украиндық майдан әскері Санкт-Пельтеннің солтүстік және батыс қалаларында айқаса жүріп, оны да басып алды, олардың ішінде мына елді мекендер де бар: Обер-Вельблинг, Ам-Бах, Хаузгейм, Обрицберг, Вайтцендорф, Герерсдорф, Хафинг...
Чехославакия аумағында Годониннің солтүстік бастыс қалаларында әскер айқаспен алға жылжып отырды, жол бойы мына елді мекендер басып алынды: Кржепице, Крум-Вир, Щитборице, Густопече, Старовице, Попице, Врановице.
Морав-Острав шабуыл операция жалғасуда. 4-ші Украиндық майданның 38-ші әскері және 60-шы әскері Опаваны басып өтіп, майдан бойынша 5 шақырымға дейін Ститиннен солтүстікке қарай плацдармды басып алды. Оны кеңейтуге Чехославакия мен Германия арасындағы бұрынғы шекара маңындағы тау бойынша өтетін ұзақ уақыттық бекініс кедергі келтірді...
Берлиндік шабуыл операциясы. Бірінші қапталда 1-ші Беларусь майданы әскерінің 61-ші әскері Одерді басып өтті. 47-ші әскер жаудың екінші қорғаныс жолағына жетті. 3-ші соққы әскері 8 шақырымға алға жылжыды да, екінші бекініс жолағына басып кірді.
Орталықта 5-ші әскер және 2-ші гвардиялық танк әскері шабуыл майданында Альте Одер өзенінің шекарасынан кесіп өтіп, Зеелов шыңының етегіне жетті. 8-ші гвардиялық әскер 1-ші гвардиялық танк әскерімен бірлесіп күні бойы ауыр айқас өткізді. Сағат 15.00 шамасында 8-ші гвардиялық әскер Зеелевті қоршап, оны басып алды.
Солтүстік қапталда 69-шы әскер 1-2 шақырымға алға жылжыды. 33 әскер Одер-Шпрее арнасын кесіп өтті.
Түс ауа 1-ші Украиндық майданның Пухов 1-ші әскерінің учаскесінде және Жадов 5-ші гвардиялық әскердің бірінші қапталында шығыс Котбус - Вейсвассер - Ниски шекарасы бойынша өтетін немістер қорғанысының екінші жолағын қиратты. Кеңес әскері қорғаныстың үшінші жолағы Шпрееге қарай белсенділікпен ұмтылып, кешке таман өзенді кесіп өтті.
1945 жылғы 17 сәуірде 375-ші жеке жойғыш-танкіге қарсы дивизонның зеңбірекшілер бөлімінің командирі (кейіннен Даңқ орденін иеленген) 18 жастағы Манап Әубәкіров кезекті ерлік жасады.
1945 жылы 17 сәуірде зеңбірекшілер тобының командирі аға сержант Әубәкіров Лебус (Германия) қаласы үшін айқаста жау танкілері мен жаяу әскерін дәл көздеу үшін зеңбіректі тікелей нысанаға бағыттады. Оның тобы зеңбіректі қиратып, 4 пулеметті, 15 жау сарбаздары мен фрицерлерді жойып, бақылау пунктін күл-талқан етті. Ұрыс барысында ол ауыр жарақаттанғанына қарамастан, топты басқаруын жалғастыра берді. 1945 жылы 19 сәуірде алынған жарақаты салдарынан жан тапсырды. 1946 жылы 15 мамырда неміс-фашистік басқыншылармен айқаста ерекше ерлік көрсеткен батырлығы үшін ҚСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен аға сержант Әубәкіров Манап Әубәкірұлы қаза тапқаннан кейін 1-ші дәрежелі Даң Орденімен марапатталды. Ол Франкфурт-на-Одере қаласы маңында жерленген...
1945 жылы 17 сәуірде И.В. Сталин Г.К. Жуковтың 1-ші Беларусь майданының әскерінің баяу әрекетіне байланысты И.С. Коневке 1-ші Украиндық майдан әскерінің 3-ші және 4-ші гвардиялық танк әскерін оңтүстіктен Берлинге бұруға бұйрық берді...
Жеңіске дейін 22 күн қалды.