ЖЕҢІСКЕ ДЕЙІН 25 КҮН: Сағадат Нұрмағамбетов батальонының ерлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тура 70 жыл бұрын, 1945 жылғы 14 сәуір, Ұлы Отан соғысының 1393-ші күні. Жеңіске дейін 25 күн қалды. «ҚазАқпарат» ХАА оқырмандар назарына сол сұрапыл жылдардың оқиғалар жылнамасына ұсынады.

ЖЕҢІСКЕ ДЕЙІН 25 КҮН:   Сағадат Нұрмағамбетов батальонының ерлігі

1945 жылғы 14 сәуірде батыс Кюстрин қарсыласының берік қорғанысын бұзған уақытта майор Сағадат Нұрмағамбетовтің епті басқаруымен батальон басты бағытта әрекет ете отырып, неміс қорғанысын бұзып өтіп, танктер мен полктың басқа батальондарының ұрысқа енуіне мүмкіндік беріп, траншеяның бес желісін басып алды.

Жанқиярлық пен табандылық көрсете отырып, Гузов қаласының шығыс шетінде орын алған айқаста жауға тойтарыс бере отырып, көше шайқастарын еңсеріп, үш сағаттың ішінде қаланың солтүстік-шығыс бөлігін иеленді. Батальон 200 гитлершілерді, 18 атыс нүктесін, сегіз тірек пунктін жойып, жаудың 69 сарбаз және офицерлерді тұтқындады.

1945 жылғы сәуірдегі бұл эпизод Сағадат Нұрмағамбетовке екінші «Алтын Жұлдыз» медалін бұйыртты. Марапаттау парағына 1052- атқыштар полкінің командирі, Кеңес Одағының батыры, полковник А. Пешков қол қойды.

Шығыс-Пруссия операциясы барысында 14 сәуірде таңертең 3-ші Беларусь майданының әскері шабуылды жаңартып, майдан қапталында қарсыластың қорғанысын бұзып өтті. Түс ауа 2-ші гвардиялық 15 шақырымға алға жылжыды, 43-ші - 10 шақырымда. Қозғалмалы топтың көрсеткен қысымынан есеңгіреген жау кері шегінуге тура келді.

5-ші, 39-шы әскер бөлімдеріне қарсылық көрсеткен неміс әскерінің тылына 2-ші гвардиялықтың шығу қаупі оларды кері шегінуге мәжбүрледі. Әскерінің ыдырап кетуін болдырмау үшін неміс қолбасшылығы 14 сәуірде оңтүстік-батыс бағыттағы Пиллауға қарай шегіне бастады.

Кеңес әскерінің бастығы Георгий Константинович Жуковтың бұйрығы бойынша барлық желіде 14-15 сәуірде айқасты барлау жұмыстары жүгізілді.

Бұл уақытта Вена батысындағы Австрияда тау-орманды жерлерде 3-ші Украиндық майдан әскері шабуылды жалғастырып жатты. Қарсыластың қарымын қайтарып, кеңес бөлімдері 20 шақырым алға жылжып, Трайзен өзенін кесіп өтті. Кескілескен ұрыс нәтижесінде өзеннің батыс жағалауындағы Герцогенбург қаласын басып алды. Немістер сондай-ақ Санкт-Пельтен қаласынан 10 шақырымда орналасқан мықты бекітілген Бохаймкирхен тірек пунктінен де қуылды.

Бұдан басқа, басқа да 60 елді мекен басып алынды, олардың ішінде ірі елді мекендер: Михельхаузен, Пишельсдорф, Цвентендорф, Понзее, Трасдорф, Зитценберг, Гетцерсдорф, Инцердорф, Крейц, Оссарн, Капелльн, Ейтендорф, Мурштетен, Христофен және Михельхаузен, Трасдорф, Гемейнлебарн темір жол стансалары.

Венаның солтүстік және солтүстік-шығыс жағындағы елді мекендер: Хохенау, Гросс Инцерсдорф, Обер Зульц, Нексинг, Бад-Пираварт, Кронберг, Риденталь, Ульрихскирхен, Презинг, Путцинг, Эн-Церальд басып алынды...

Чехославакияда Годониннің шығыс және оңтүстік-батыс қалаларында 2-ші Украиндық майданның әскері шабуылды жалғастыра отырып, Мазур, Кужелов, Малая Врбка, Кнеждуб, Стражнице, Лужице, Микульчице, Моравска новая весь, Грушки, Новый Жижков, Старый Бржеслав елді мекендерін басып алды...

Жеңіске дейін 25 күн қалды.