ЖЕҢІСКЕ ДЕЙІН 8 КҮН: Кеңес әскері Берлиндегі шабуылын жалғастырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 70 жыл бұрын, 1945 жылы 1 мамырда Ұлы Отан соғысының 1410-ші күні жүріп жатты. Жеңіске дейін 8 күн қалды. «ҚазАқпарат» ХАА сол кездегі оқиғалар хроникасын ұсынады.
1945 жылы 1 мамырда сағат 3:50 минутта 8-ші гвардиялық әскердің командалық бекетіне германиялық құрылықтағы әскердің бас штабының бастығы жаяу әскер генерал Кербсті әкелді. Гитлердің өз-өзіне қол жұмсағанын айтқан ол Қызыл әскер армиясымен келіссөздер жүргізуге ниетті екенін жеткізді.
Жуков телефон арқылы бұл туралы Сталинге айтты. Сталин: «Қарсыласпай тізе бүгуден басқа ұсынысты қабылдамаймыз. Кребспен де, өзге гитлерліктермен де келіссөздер жүргізбейміз».
Неміс үкіметі тізе бүгуге келіспеген соң кеңес әскері Берлиндегі шабуылын жалғастырды...
Кеңес ақпарат бюросы хабарлағандай, 1 мамырда Пиллау қаласы мен портының оңтүстік-батысына қарай 3-ші Беларусь фронтының әскері Фриш-Нерунгты жаудан босату бойынша күрес жүргізіп, Нармельн, Брандхайдшер, Нойкруг және Феглерс елді мекендерін басып алды.
2-ші Беларусь фронтының әскері 1 мамырда Штральзунд, Гриммен, Деммин, Мальхин, Варен, Везен-Берг қалаларын, сонымен қатар Штейнхаген, Абтсхаген, Гремерс-Дорф, Дейельсдорф, Гнойен, Даргун, Нойкален, Штавенхаген, Гилов, Швинкендорф, Мелленхаген, Кратцебург, Квальцов, Штразен елді мекендерін басып алды.
1-ші Беларусь фронтының әскері 1 мамырда Бранденбург қаласын басып алды. Сонымен қатар олар Линдов қаласы мен Альт-Руппин, Херцберг, Вутенов, Лихтенберг, Нарве, Беетц, Зоммерфельд ірі елді мекендерін жаулады. Берлинде фронт әскері қаланың Шарлоттенбург, Шенебер аудандарын жаудан тазартып, қаланың орталық бөлігінің 100-ден астам орамын (квартал) басып алды.
4-ші Украина фронтының әскері 1 мамырда Богумин, Фриштат, Скочув, Чадца және Великая Битча қалаларын басып алды. Сонымен қатар Скржипов, Маркерсдорф, Слатина, Биловец, Климковице, Витковице, ДЬЕТМАРОВИЦЕ, Петровице, Скалите, Догубари, Оходница, Нове Место, Плевник ірі елді мекендерін бағындырды.
Брно қаласынан шығысқа қарай 2-ші Украина фронтының әскері Вышков қаласы мен Пухов, Ледницке, Кошеца, илява, Дубница, Немшова, Житкова, Бискупице, Биловице, Бабице, Роштын, Пустимерж елді мекендерін жаулап алды...
Біздің Жеңіске дейін 8 күн қалды.