ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗГЕНДЕРІМІЗ: «ҚазАқпарат» оқырмандарын майдангерлерді дәріптеуге үлес қосуға шақырады
Онда әркім соғысқа, тылдағы еңбекке қатысқан өз атасы, әжесі, туысы, көршісі және т.б. ардақты ардагерлер жөнінде естелік, мақала жазып біздің редакциямыздың kazred@inform.kz электронды поштасына жолдай алады. Мақалалар 21 сәуірден 31 мамырға дейін қабылданады. Ең қызықты деген материалдар біздің сайтта аталған айдар аясында жарияланады. Осылайша, біздің оқырмандарымыз өз атасын күллі елге танытып қана қоймай, халықаралық агенттікте мақаласын орналастыруға мүмкіндік алады.
Майдангер ата-әжелеріміз жыл сайын азайып келеді. Біздің борышымыз - баршамызға бейбіт, тәуелсіз елде өмір сүру мүмкіндігін сыйлаған қарияларымызды алақанда ұстап аялау, олардың ерлігін ешқашан ұмытпай, келешек ұрпаққа осы тарихи жадыны жеткізу. Тарихын білмейтін елдің болашағы да бұлыңғыр. Сондықтан ерлеріміздің ерлігін ел есінде мәңгі сақтау үшін барлығымыз бірге атсалысайық ағайын!
Мақалаға қойылатын талаптар:
Мақала еркін стильде жазылуы керек. Онда міндетті түрде шынайы тарихи деректер көрсетіліп, оларды растайтын құжаттар тіркелуі тиіс. Мақаланың мазмұнына толығымен автор жауап береді. Мақалада ардагердің қай елде, қай майданда соғысқаны жөнінде, сұрапыл жылдар туралы естеліктері, қандай орден, медальдары бар екені, отанына оралған соң ел еңсесін көтеруге қосқан үлесі туралы, бүгінгі ұрпақтары жайлы жазылғаны абзал. Сонымен қатар майдангердің бірнеше суретін, соның ішінде жас күніндегі, соғыс кезіндегі және қазіргі заманғы суреттерін қоса жіберу қажет.
Мәтін төмендегі стандарттарға сәйкес келуі тиіс:
Шрифт
-
Times New Roman
Ш рифт өлшемі
-
14
Жоларалық интервал
-
1
Түзету
-
Ені бойынша
Беттің жолақтары :
Жоғары, төменгі
Сол жағы
Оң жағы
2 см
1,5 см
3 см
Мақаланың жалпы көлемі
-
3 беттен аспауы керек.