Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында көптеген қазақстандық ардагерлер жауынгерлік даңқ орындарына барады

АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - Көптеген қазақстандық ардагерлер 65-ші Жеңіс күндерін соғыс жылдары өздері азат етіп, қорғаған мемлекеттердің астанасында қарсы алады.
None
None

Сәрсенбі, мамырдың 5-і күні астаналық әуежайдан Қазақстан Қорғаныс министрлігі офицерлерінің шығарып салуымен Чех Республикасының астанасы - Прагаға екі қазақстандық ардагер ұшады. Олар Астанадан Венаға қонып, сол жерден Прагаға ұшып барады. Соғыс ардагерлерінің денсаулық жағдайын шығарып салушылар құрамына кіретін әскери дәрігер бақылайды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Соғыс ардагерлерінің денсаулығын бақылау үшін ведомство зор көңіл бөліп отырғандығын айта кеткен жөн. Әрбір делегацияда әскери дәрігер бар. Ең көбі - 25 адам - Астанадан Мәскеуге ұшатын делегация құрамында.

Мәскеудің Қызыл алаңындағы шеруді Ұлы Отан соғысының 32 қазақстандық ардагері тамашалайды. Олар Қорғаныс минстрлігі мен Қазақстан Республикасының тағы да басқа мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен туысқандарының шығарып салуымен бейсенбі, мамырдың 6- күні Астанадан ұшады.

Дәл сол күні астаналық әуежайдан бес соғыс ардагері Алматыға ұшады, сол жерден Украина халықаралық әуежелісінің ұшағына отырып, жұма күні таңертең Украина астанасы - Киевке қонады.

Ардагерлер Чех Республикасы, Ресей Федерациясы мен Украина астаналарында орта есеппен бес күн болады. Соғыс ардагерлері әскери достарымен, жастармен кездесіп, жауынгерлік даңқ орындарын аралайды, қаза тапқандардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Жеңістің 65 жылдығын тойлауға арналған басқа да мерекелік шараларға қатысады.

Соңғы жаңалықтар