Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге РФ азаматы, қаза болған шығысқазақстандық жауынгердің ұрпағы Г.Остапенко қатыспақ

АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге Ресей азаматы, қаза болған жауынгердің ұрпағы Геннадий Максимович Остапенконың отбасы қатыспақ.

Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге РФ азаматы, қаза болған шығысқазақстандық жауынгердің ұрпағы Г.Остапенко қатыспақ

Г.Остапенко Семей, қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Камышенка ауылында туып өсті. Қазір Мәскеу облысының Королев қаласында тұрады.

2008 жылы оның бастамасымен Шығыс Қвзақстан облысының Бородулиха ауданындағы Камышенка ауылында Ұлы Отан соғысында қаза болған және хабарсыз кеткен жауынгерлерге ескерткіш ашылды. Азаткер-жауынгердің қола мүсіні Геннадий Остапенконың жеке қаржысына құйылды.